Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Ш. Нурахуновтың 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша аудан тұрғындары!

Баршаңызды білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім - баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Қазіргі уақыт балаларға заманға сай білім беріп, жаңашылдықтарға бейім етіп даярлауды талап етеді. Бүгінгінің талабы - жасампаз, өзгерістерден қорықпайтын білімді де білікті жастар мен мамандар қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды - жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі», - деп жаһандану дәуірінде білімді ұрпақты жарқын болашақ күтетінін айқын жеткізді. Сондықтан жастарымыз қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға қашан да асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін кәдеге жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатарынан болатындарына сенемін.

Жаңа оқу жылында оқу орындарындары білім берудің дәстүрлі форматында штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.
Осы ретте барша ұстаздардан, ата-аналардан сұрайтынымыз балаларымыздың денсаулықтары үшін, қойылған барлық карантиндік талаптарды қатаң ұстанып, шектеу шаларына түсіністікпен қарауға шақырамын. Егер біз карантин шектеулерін сақтасақ, бұл қалыпты өмірге және толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Індеттен тезірек арылу үшін бір адамдай жұмылып, бәріміз бірге күресейік.

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді Білім күнімен шын жүрегімнен құттықтап, оқушыларымыздың терең біліммен сусындап, озаттар қатарында болуын тілеймін. Бала тәрбиесі жолындағы ұстаздарымыздың шығармашылық табысы арта берсін. Барлықтарыңыздың дендеріңіз сау болып, жүздеріңізден қуаныш кетпесін!
Жаңа оқу жылында жарқын жетістіктер көп болсын!

Дата публикации
01 сентября 2021
Дата обновления
01 сентября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы