Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Ш. Нурахуновтың 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен аудан тұрғындарын құттықтауы!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата заңымыз - еліміздің барлық жетістіктерінің бастауы, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Конституция біздің бостандығымыздың негізі болды. Ол біздің жеңістеріміздің, табыстарымыздың тәуелсіздік арқылы келген барлық кешенін нығайтады».
Еліміздегі ең маңызды құжат құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етіп, құндылықтарымызды айқындайды.
Осыдан 26 жыл бұрын қабылданған Конституциямыздың арқасында елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты.
Отанымыздың табысты және серпінді дамуына біздің ауданның еңбеккерлері өз үлестерін қосуда. Өңіріміз күннен-күнге дамып, заманға лайықты келбетіне бәріміз куәміз. Әлі де алда атқарылатын жұмыстар қыруар.

Қадірлі жерлестер!

Рухымыз асқақ, болашаққа деген сеніміміз айқын, жігеріміз қайратты, әрбір бастамаларымыз ел игілігі үшін жасалсын. Бірлігіміз бен татулығымыз мәңгі болсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін!
Мереке құтты болсын!

 

Дата публикации
30 августа 2021
Дата обновления
30 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы