Меню

Страницы

Статья

Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы бөлімімен 2021 жылдың 6-айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама.

2021 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнімдердің көлемі 10 144,8 млн.тенгені құрап, нақты индекс көлемі 117,6 % болды.Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өндірілген өнім 2644,9 млн.тенгеге артты. Мал шаруашығы саласында ет өндіру 11858 тонна  213,3 %, сүт өндіру 11454 тонна 80,3 %, жұмыртқа 2873,0 мың дана 95,2 % -ға орындалып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  ет 6298 тоннаға артып, сүт 2812 тоннаға, жұмыртқа 144 мың данаға кеміді.

1 шілдеге 2021 жылға 80581 бас ірі қара, 284 004 бас қой-ешкі, 17962 бас жылқы, 42 бас түйе, 1 221 631 бас құс нақты қалып отыр. Өткен жылдың өткен мерзімімен салыстырғанда  қой ешкі 10 971 басқа кеміді.

КТ «Чарын» несие серіктестігі арқылы «Агробизнес» несие бағдарламасы бойынша 30 450 000 теңге көлемінде несие берілді. Оның ішінде «Ақжайық» шаруа қожалығы 9 750 000 теңгеге 49 ана бас ірі қара малын және «Темирлан» шаруа қожалығы 20 700 000 теңгеге 46 бас аналық жылқы малын сатып алды.

Жыл басынан ауылшаруашылық саласында 912.2 млн.теңге инвестиция тартылды . Оның ішінде ең ірі жоба «Прима Кус» ЖШС – гі іске асыратын құс фермасының құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында инфрақұрылым жүйелерін жүргізе бастады. 2020 жылдың инвестициялық жоба аясында іске қосылған ЖШС –гі «Otan Green Food» құс фабрикасы жыл басынан 7508,1 тонна құс етін өндіріп, инвестициясы 117 млн.теңгені құрады.

2021 жылдың   өніміне жалпы 22515,2 га жерге ауылшаруашылық  дақылдар себілді оның ішінде  барлық дәнді дақылдар 14440 га оның ішінде күздік бидай 490 га, арпа 1790 га дәнді жүгері 12162,0 га, майлы дақылдар 200 га, картоп 339 га, көкөніс 1102 га, бақша дақылдары 203.7 га, азықтық дақылдар 6223 га .

2021 жылдың жарты жылдығында 169 га жерге көп жылдық жеміс ағаштарының бағы отырғызылды. Атап айтсақ алма бағы 8 га, оның ішінде «Апорт» сорты бағы 1 га, сары өрік 113 га, қызыл шие 2 га, қара өрік 3,5 га, шабдалы 1,5 га, жүзімдіктер 41 га. 

Ауданның ауылшаруашылық құрылымдары ауылшаруашылық дақылдарының тұқымымен жеткілікті қамтамасыз етіледі деп болжамданған.  2021 жылдың өніміне себілетін жаздық масақты дәнді дақылдарына 606,8 тонна тұқым қажет болса, 304,3 тонна арпаның тұқымы КазАгроЭКС АҚ-ы арқылы тексеріліп құйылды. Оның нәтежесі 71,7 тонна І класс, 172,1 тонна ІІ класс, 60,5 тонна ІІІ класс.

Шаруашылықтарға қажетті  301,4 тонна жүгері тұқымы толығымен дайындалды және қосымша Балтабай ауылындағы «Будан» шаруашылығынан Марко 419, Тулпар 539,Каз ЗП 509,Туран 480СВ сорттарынан 215 тонна сатып алынды.  Негізінен Тасқарасу,Шарын,Бахар ауылдық округері алды.

Сонымен қатар ауданда «ИВАН» элиталы тұқым шаруашылығы жұмыс істеп келеді. Аудан бойынша 55000 тонна органикалық тыңайтқыштар дайындалып, егіс алқаптарына  жеткізілу жүргізілуде.

2021 жылғы аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару үшін  жоспарланған  судың көлемі 90 млн м3 куб деп белгеленді. Бүгінгі күнге суғаруға кеткен су көлемі 44,5 млн куб,м.

Егiстiк жерлерге су беру бойынша 2 шілде күнiне 728 шаруа құрылымдары 10519 га жерге келiсiм шартқа отырды. Оның iшiнде Шарын ауылдық округi 274 шаруашылық құрылымдары 2628 га, Tacқаpacy ауылдық oкpyг 137 шаруашылык құрылымдар 2384 га, 23 партсъезд каналы 28 шаруашылық құрылымдар 300 га, Төменгi Шонжы каналы 144 шаруашылық құрылымдары 2248 га,  К. Исламов атындағы канал 115 шаруашыльқ құрылымдары 2828 га.

Бірінші жарты жылдықта 364 млн 096 мың теңгеге 28 дана трактор, 3 дана тиегіш (погрузчик) және 9 дана басқалай ауыл шаруашылық техникалары алынды. Көктемгі дала жұмыстарына 150 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген,оның 58 тн алуға  өтінім түсті, 51 дана техника тіркеуге қойылып, 51 техникалық паспорт, 51 мемлекеттік нөмір, 72 тракторист машинист куәліктері берілді.

2021-2022 мал қыстату науқанына 144200 тонна шөп жоспары белгіленген болса,1 шілде күніне 45360 тонна шөп дайындалып, жылдық жоспар 31,7 пайызға орындалды. Жем-шөп дайындау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін 2021 жылға белгіленген жоспарлар мен бағдарламалар толығымен жүзеге асырылады.

 

 

Бөлім басшысы                                     Л.Хавайдуллаев

 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы