Меню

Страницы

Статья

Халық санағы - 2021

Халық санағы - 2021

Елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі, соңғысы 2009 жылы өткізілген болатын. Мұндай уақытша принциптегі санақ көптеген елде өтіп тұрады. Айрықша жағдайдағысы да бар. Мәселен, Канадада бұл рәсім әр бес жыл сайын өткізіледі. Халық санағының арқасында мемлекет елдегі халық санын, этникалық құрамын барынша дәлірек біледі, өмір жағдайларындағы өзгешеліктерін анықтап, бұрынғы есептермен салыстырып, өзгеру серпініне талдау жасайды. Сосын санақ нәтижесі бұдан кейінгі есептерге, жақын жылдарға жоспарға, болжам жасауға негіз болады. 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда халық саны 1 млн 27 мыңға өскен. Халықтың этникалық құрамы да өзгерген. 2021 жылы санақ қағаздарында: мекен-жай, баспана жағдайы, этно-мәдени сипат, білім мен сауат, көші-қон, неке, туу, жұмыспен қамтылу бойынша сауалдар болады. Сонымен қатар жаңа сұрақтар да бар. 2021 жылы сауалдарға БҰҰ Статкомиссиясының, Еуростат, БҰҰ ЕЭК, ТМД статкомитеті ұсынған төмендегі сұрақтар қосылады: санақ жүргізген кездегі респонденттің тұрғылықты жері; тіршілік әрекетіне шектеулер (көру мен есту, жүру, есте сақтау және/немесе зейін қою қиындықтары); ҚР аумағына уақытша тұрушының қай елден келгені; келудегі мақсаты. 2021 жылғы халық санағы дамыған елдер арасында алғашқылардың бірі болып технологиялық инновацияларды, атап айтқанда, интернет желісі арқылы және портативті-есептеуіш құрылғыларды (планшеттерді) пайдалана отырып, дәстүрлі әдіспен өткізу жоспарланып отыр. Кезекті халық санағын ҚР ҰЭМ Статистика комитеті еуропалық статистиктер конференциясының және халықаралық ұйымдардың зерделенген ұсыныстарын ескере отырып өткізуді жоспарлауда. Халық санағы-мемлекеттік дәрежеге ие, халықтың саны мен құрамы жөніндегі мәліметтердің негізгі көзі болып табылады. Сонымен бірге көптеген сұрақтарға жауап беретін саяси іс-шара. Санақ нәтижелері бойынша алынған деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және ағымдарын болжауға мүмкіндік береді. Санақ барысында алынған халықтың саны, жынысы мен жас құрамы туралы деректер барлық деңгейдегі бюджетті барынша объективті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Аудандық Статистика басқармасының бас маманы
Ерсайын Омарғалиұлы

Дата публикации
13 августа 2021
Дата обновления
13 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы