Меню

Страницы

Статья

ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖАЙЛЫ

ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖАЙЛЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қонаев қаласы әкімдігінің «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуден заңсыз бас тартуы туралы шағымды қарады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен регламенттеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау кезінде әкімдік Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) нормаларын, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 7-тармағы, 10-тармағы нормаларының негізгі талаптарын бұзған.
Кодекстің 37-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне сәйкес жалдау шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалдау шартында өзгеше белгіленбесе, басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы болады.
Әкімшілік іс бойынша Департамент тарапынан Қонаев қаласының әкіміне ұсыным жолдау нәтижесінде жер учаскесін жалға алу мерзімі ұзартылды, осылайша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Дата публикации
09 декабря 2024
Дата обновления
09 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы