Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы қабылданғанын айтсақ та жеткілікті.
Осы қаулыға орай ауданға келген жас маманға қаржы мамандардың қолына қаулыға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 100 еселік айлық көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 2010 жылы 630 еселік айлық көрсеткішке тең қаражат берілді. Ал, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 1500 айлық есептік көрсеткішке жетті. Тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несие 15 жылға 0,01 пайыздық ставкамен беріліп келеді. Бұл да біршама жеңілдік екенін ескерген жөн. Жұмысқа қабылданған маман несие немесе көтерме жәрдемақы алған кезден бастап кемінде 3 жыл бойы осы салада қызмет етуі тиіс.
Қаулыны жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің 2009 жылғы 17сәуірдегі №10-159 қаулысымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысшы органы болып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі белгіленді. Бөлінген қаражат республикалық трансферт есебінен 094 және 095 бағдарламалары арқылы іске асырылып келеді. Несие төлеу үшін банк-агент болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ танылды.
Қаулыға сәйкес 2022 жылы көтерме жәрдемақы төлеуге 30 жас маманға 9 млн. 189,0 мың теңге көтерме жәрдем ақыға, 9 жас маманға 41 млн. 350,5 мың теңге тұрғын үй несиесіне төленді.
Көтерме жәрдемақы алғандар жалпы - 40 адам, оның ішінде: білім беру саласына 20 жас маманға, денсаулық сақтау саласына 2 жас маманға, мәдениет саласына 1 жас маманға, спорт саласына 2 ветеринария саласына 3 жас маманға мемлекеттік қызметкерлерге 2 жас маманға төленді.
Несиеге тұрғын үй сатып алған 9 жас маман. Оның ішінде: білім беру саласына 3 жас маман, денсаулық сақтау саласына 2 жас маман, мәдениет саласына 2 жас маман, ветеринария саласына 2 жас маман тұрғын үй несиесін алды.
Қаулыға сәйкес 2023 жылы көтерме жәрдемақы алуға 14 жас маман, тұрғын үй несиесіне 6 жас маман өтінім берді. Қаржы 2023 жылдың сәуір айынан беріле бастайды
Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарға келген жас мамандар бүгінгі күнде елді мекендерде өз мамандықтары бойынша аталған салаларда жұмыс істеп жатыр. Оларға жолығып, олардың көңіл-күйлерімен, тұрмыстық жағдайларымен танысқан кезде біздің ұққанымыз: Үкімет, облыс, аудан басшыларының қамқорлығы үшін бәрі де ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыс айтып отыр.
Кейбір несие алушылардың тиісті мерзімде құжаттарын рәсімдеп үлгермеуіне байланысты және жас мамандарға көрсетіліп отырған жеңілдіктердің мәнісіне түсінбеуіне орай оларға үнемі түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Бөлім басшысының м.а. С.Нусупбеков