Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 11,4% өсті

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 наурыздағы негізгі көрсеткіштері 

 

2023 жылғы 1 наурызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері 01.03.2023 ж. дейін олардың өсімі 466,2 млрд теңге (3,2%) болды. Өткен жылдың сәйкес  күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 1,54 трлн теңгеге (немесе 11,4%) өсті.

Мұндай өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындарын, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түрінде, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделуге, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б. бойынша қалыптасты.

Қазақстандықтардың жинақтарының 97%  міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты.  01.03.2023 ж. МЗЖ көлемі 14,7 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 11,1%, жыл басынан бері - 3,1%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 наурызынан бастап 21%, жыл басынан бері 4,7% ұлғайып, 466,4 млрд теңгені құрады. Ең үлкен өсімді (жылына 2 еседен астам) көлемі 3,8 млрд теңгені құрайтын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті.

Ағымдағы жылдың 2 айында салымшылардың (алушылардың) шоттарына 319,6 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30% немесе 74 млрд теңгеге жоғары.  Айта кетейік, өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: МЗЖ - 30%, МКЗЖ - 25%, ЕЗЖ - 70%. 

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына шамамен 204,5 млрд теңге таза инвестициялық табыс түрінде  түсті. Бұл олардың зейнетақы жинақтарының өсуіне ықпал етті.  01.03.2023ж. жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, зейнетақы жинақтарының құрылымында жинақталған таза кірістің үлесі 36,2% тең болды.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,13 млн бірлікке жетті. Оның ішінде МЗЖ бойынша - шамамен 11 млн, МКЗЖ бойынша - 603,7 мың, ЕЗЖ бойынша – 364,8 мың бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ шамамен 65,15 млрд теңге төледі. 01.03.23 ж. жасына байланысты төлемдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 46% ұлғайып, 24 млрд теңгеден асты. Айта кету керек, Қордан кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері (зейнет жасына толуына байланысты) 32 065 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 742 692 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде орташа айлық төлем сомасы 29 302 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары  төлем 707 326 теңге болған еді.   

Төлемдердің едәуір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған 22,5 млрд теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) құрады. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есе аз. Сондай-ақ, жыл басынан бері мұрагерлік бойынша - 8,1 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты – 6 млрд теңге, мүгедектік бойынша  – 473,3 млн теңге, жерлеуге байланысты төлемдер – 913,7 млн теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 3,1 млрд теңге аударылды.

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісіндегі статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтндағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
31 марта 2023
Дата обновления
31 марта 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы