«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу және Долайты ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Үлкен Ақсу ауылының шығыстан батысқа қарай екінші көшені – Жүсіп Баласағұн көшесі; оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көшені – Ахмет Иүгінеки көшесі, екінші көшені – Буғра хан көшесі, төртінші көшені – Томирис көшесі, бесінші көшені – Махмұд Қашқари көшесі, Кіші Ақсу ауылының шығыстан батысқа қарай алтыншы көшені – Өрнек көшесі, Долайты ауылының шығыстан батысқа қарай үшінші көшені – Достық көшесі деп атау берілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі
|
|
А. КУРБАНИЯЗОВ
|