«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Ұйым туралы мәлімет:

Мемлекеттік мекеменің атауы: «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104

Байланыс телефоны: +7 (727) 782 12 70,+7(727) 782 26 96

Электрондық пошта: ygyr_sobes@mail.ru

Бос лауазымның атауы:

Әлеуметтік қызметкер

Жұмыс орны:

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылы

Негізгі функционалдық міндеттері:

үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсету;

бекітілген кестеге сәйкес қызмет алушылардың тұрғылықты жеріне бару;

мүгедектігі бар адамдарға және өзге де көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету;

көрсетілген қызметтер бойынша есептік және қызметтік құжаттаманы жүргізу;

еңбек тәртібін, қауіпсіздік талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау.

Еңбекақы мөлшері және еңбек жағдайы:

лауазымдық жалақысы – 211 550 теңгеден 259 173 теңгеге дейін;

жұмыс режимі – толық жұмыс күні;

жұмыс сипаты – тұрақты;

еңбек жағдайы – қалыпты.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік, педагогикалық немесе медициналық білімі болуы;

лауазымның функционалдық міндеттерін орындауға қабілетті болуы;

әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге бейімділігі болуы;

қызмет алушылармен өзара іс-қимыл жасай білуі;

үй жағдайында көмек көрсету дағдысының болуы;

лауазым санаты санатсыз болғандықтан, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2026 жылғы 15 сәуірден 2026 жылғы 29 сәуірге дейін қоса алғанда.

Құжаттарды қабылдау орны:

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104.

Әңгімелесу өтетін орын:

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Дата публикации
16 апреля 2026