Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы «Ұйғыр ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 79 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы «Ұйғыр ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 79 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 4570 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ұйғыр ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.