Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-10-52 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы

«Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін

айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-10-52 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы                       № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 қазандағы № 8-10-52 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

8-тармақ алынып тасталсын;

9-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 1) тармақшасының 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;»;

9-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

дүлей апат немесе өрт салдарынан жылжымайтын мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;»;.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, діни және жастар ісі мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
17 марта 2026