Жоба
Ұйғыр ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін
сайлау учаскелерін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ұйғыр ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Ұйғыр ауданы әкімінің "Ұйғыр ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 28 қазандағы № 480 (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 желтоқсанда № 4919 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханұлы Бағбаевқа жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш.Нурахунов