ЖОБА Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Аудандық коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындардың таза кірісінің бір

бөлігін аудару нормативін

белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі  белгіленсін.
  2. «Ұйғыр ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
  • осы қаулыны Ұйғыр ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қ. Исаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбілік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

              Аудан әкімі                                                    Ш. Нурахунов

 

 

 

 

 

                                                                                 Ұйғыр аудан әкімдігінің

2020 жылғы «____»___________

                                                                                 №  ____ қаулысына қосымша

 

 

Ауданның коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

 

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        

                                                               

 

Дата публикации
25 ноября 2020