ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Ұйғыр ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабы

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі.

Қаржылық шығындар қарастырылмаған

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Кәсіпкерлік субъектілері жұмысының ашықтығының артуы

5

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттыру

 

6

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Қажеттілік жоқ

7

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Қарастырылмаған

8

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Қарастырылмаған

 

 

«Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі»

ММ-нің басшысы                                                                             Р.Т.Амаров

Дата публикации
12 ноября 2025