Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы
«Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-10-52 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;
дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |