№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
Шонжы ауылы,
2025 жылғы 27 тамыз
№ 22