2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Ұйғыр ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 27 тамыздағы

№ 22 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған

 №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

Алматы облысы Ұйғыр аудандық  мәслихатының  шығып қалған

мәслихат депутатарының орнына сайлауды әзірлеу

мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияның орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен

2025 жылғы 27 тамызда басталады және 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 27 тамызда басталады және 30 қыркүйекте  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                              (16-1 б. 6-тт., 104-б. 6-1-т. 1-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде)

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

Қағиданың 23-т.

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Ұйғыр ауданының әкімдігі, Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 25 қазанда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының әкімдігі, Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Ұйғыр ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 6 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда,

2025 жылғы 10 қазаннан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 қазанға дейін

   (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23 - 25 қазаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) т., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссияларына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

28. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

29. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

30. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттының орнына сайланған депутатты тіркеу және және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

31. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
27 августа 2025