Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
«Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
Регламентін бекіту туралы» Алматы облысы
Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 21 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
Шонжы ауылы,
2025 жылғы 8 тамыз
№ 20