Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 14 тамыздағы № 21
қаулысына қосымша
Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Болашақ» Жас сайлаушылар клубы туралы
Ереже
1.Жалпы ережелер
- Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – АСК) жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) –жас азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылады.
Осы Ереже Клубтың қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
- Клуб өз қызметін Клубтың жұмыс жоспарларына, аумақтық сайлау комиссиясының жас сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушыларының құқықтық мәдениетін арттыру бойынша білім беру, түсіндіру, ақпараттық іс-шаралар жоспарларына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының көмегімен жүзеге асырады.
3.Клуб АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдармен және ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
4.Клуб туралы ереже АСК қаулысымен бекітіледі.
- Міндеттері мен жас сайлаушылар клубының мақсаты
- Клубтың мақсаты – жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
- Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары
- Клубқа жас сарапшылар мен ғалымдар, жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) қатыса алады.
8.Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб мүшелерінің құқықтары:
1.Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне ұсыныстармен жүгіну.
2.Клуб мүшелерінің өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіру, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
4.Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар, кездесулер, пікірталастар, ұжымдық өзара іс-қимылдың өзге де нысандары түрінде жүзеге асырады.
- Іс-шараларды Клуб жетекшісі ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша өткізеді, және ол жоспарды клуб мүшелері бірінші отырыста қабылдайды.
- Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы оның негізінде клуб ашылған ұйым (колледж, мектеп) болып табылады, әдістемелік көмекті аумақтық сайлау комиссиясы көрсетеді.
- Клуб ережесі негізінде АСК жастар оқитын және жұмыс істейтін ұйымдарда, учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан жерлерде филиалдар құрылады.
- Жұмыс органы:
1.Отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
2.Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес күн қалғанда, іс-шараның өтетін күні туралы үш күннен кешіктірмей хабарлайды;
3.Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді, оның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар АСК Қаулысымен енгізіледі.