Ұйғыр аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2020 жылғы 23 қазандағы

       № 5

 

 

 

Ұйғыр аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын

 әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 14-бабының 8) тармақшасына  сәйкес Ұйғыр аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Ұйғыр аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұйғыр ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Р.М. Максатовқа жүктелсін.

 

 

 

Аудындық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                 

 

 

Л.Т. Хавайдуллаев

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы               

Р.М. Максатов

Дата публикации
04 ноября 2020