Ұйғыр ауданының 2020 жылға
арналған азаматтық бюджеті
Сіздердің назарларыңызға Ұйғыр ауданының 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады, бұл жерде ауданның негізгі социалдық-экономикалық көрсеткіштері, ауданның бюджеті және бюджет қаражатының шығындар бағыты, бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат көрсетілген.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:
- негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері;
- бюджеттің түсімдері мен шығыстарына;
Ұйғыр ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық Кодекстеріне, Ұйғыр ауданының 2017-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде әзірленеді. Бюджет Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті сессиясында 2019 жылы 27 желтоқсанда №6-59-340 шешімімен бекітілді.
Ұйғыр ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 276-VI Заңымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей белгіленген:
теңге
|
Көрсеткіштер |
2019 жыл |
01.01.2020ж |
01.04.2020ж |
|
Айлық есептеу көрсеткіші |
2525 |
2651 |
2778 |
|
Еңбекақының төменгі мөлшері |
42500 |
42500 |
42500 |
|
Зейнетақының төменгі мөлшері |
36108 |
38636 |
40441 |
Бюджет кірістері мен шығыстары
Бюджет кірістері
Аудандық бюджеттің 2020 жылға өзіндік кірістері – 1565,3 млн. теңге сомасында анықталды.
Кірістер өзіндік түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер – 96,6%-ті немесе 1536,5 млн. теңгені, салықтық емес түсімдер – 1,7%-ті немесе 7,7 млн. теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер – 1,7%-ті немесе 21,1 млн. теңгені құрайды.
2020 жылдан бастап республикалық бюджеттен шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы 100% мөлшерінде жергілікті бюджетке берілді.
Түсімдердің негізгі көздері болып меншікке салынатын салық (24,8%), табыс салығы (66,0%) мен табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (2,4%) болып табылады. Сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (1,7%) және өзге де түсімдер (5,1%).
Салықтар және басқа да төлемдер көлемі бекітілген Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептелді.
2020 жылға нысаналы трансферттердің көлемі – 9515,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
|
Жыл |
Ағымдағы трансферттер (млн. теңге) |
Даму трансферттері (млн. теңге) |
||||
|
Республикалық бюджет |
Облыстық бюджет |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Облыстық бюджет |
Барлығы |
|
|
2020 |
2616,3 |
1878,6 |
4494,9 |
360,2 |
49,8 |
410,0 |
Бюджет шығыстары
2020 жылға қалалық бюджеттің шығыстары 12258,2 млн. теңгені құрады, соның ішінде функционалдық топтар бойынша:
|
Атауы |
2019 ж (мың теңге) |
2020 ж (мың теңге) |
2021 ж (мың теңге) |
2022 ж (мың теңге) |
|
Барлығы шығыстар, млн.теңге: |
11080,6 |
12258,2 |
14420,2 |
16677,1 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
258,8 |
254,4 |
232,2 |
236,2 |
|
Қорғаныс |
76,6 |
94,1 |
27,9 |
29,1 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
3,9 |
1,2 |
1,2 |
1,3 |
|
Білім беру |
6925,6 |
8357,9 |
10535,9 |
12417,5 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
1580,7 |
1506,7 |
1542,6 |
1487,7 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
552,6 |
467,7 |
806,9 |
711,1 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
236,0 |
342,9 |
322,0 |
726,7 |
|
Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары |
262,8 |
286,5 |
292,5 |
310,8 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
20,8 |
20,4 |
19,6 |
19,9 |
|
Көлік және коммуникация |
244,5 |
18,8 |
144,7 |
247,5 |
|
Өзгелер |
506,2 |
390,8 |
86,4 |
88,1 |
|
Трансферттер |
412,1 |
516,8 |
408,3 |
401,2 |
Білім беруде саласында келесі шығындар көзделген:
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру саласына келесі шығындар көзделген:
Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:
- кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу, қалалық және облыстық жарыстарға қатысу;
- ҮЕҰ мемлекеттік қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында:
60 пәтерлі екі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге- 13,5 млн.теңге қарастырылған.
60 пәтерлі екі үйдің инженерлік-коммуникациялық желілеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге- 5,7 млн.теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтеріне – 13,1 млн.теңге;
Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына- 470,0 мың теңге;
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету (медициналық қызметкерлер үшін тұрғын үй сатып алуға) – 12,0 млн.теңге;
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына – 32,0 млн.теңге;
Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 2,0 млн теңге;
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту (Кіші Ақсу ауылындағы Сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта құруына) республикалық бюджеттен -360,2 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 28,5 млн.теңге қарастырылды.
Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында:
Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 111342,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер;
Мамандарға көтерме жәрдемақысына – 7,9 млн.теңге;
Сенім білдірген өкілдің қызметтеріне – 13,1 млн.теңге.
Басқалар:
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві – 31,8 млн.теңге;
мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеуге-28,8,0 мың теңге көзделген.
Жүргізіліп жатқан шығыстар саясаты ағымдағы шығыстардың деңгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте ұстап тұру қағидатына жауап беретін болады.