2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Ұйғыр ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 7 мамырдағы

№ 15 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімін

сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі-әкім) сайлауды тағайындау.

 

Ұйғыр  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 7 мамыр

(113-1 б. 2-т, 3-т)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 17  мамырдан  кешіктірмей

(22 б. 2-т.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей

(13 б. 4- т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей

(17 б. 2- т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Тиісті әкім

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

2025 жылғы 22 мамырдан  кешіктірмей

(23 б. 5 т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну.

 

Саяси партиялар, белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 8 мамырдан басталады және 2025 жылғы 20 мамырға жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3 б. 1-т, 5- т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Қажетті құжаттарды алған сәттен бастап

(4 бап 4-т.,2) т., 113-5-б. 11-т.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14 б. 8-1) т., 31 б.)

 

9. Әкім болуға кандидатты өзін өзі ұсынған жағдайда оны қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4 бап)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынған жағдайда, кандидатты қолдау үшін толтырылған қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде  

(113-4 б. 8 -т.)                                                                                                                                     

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкім болуға кандидаттар,

Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5 б. 2 -т.)

 

12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 мамырға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5 б. 3- т.)

 

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5 б.3 -т.)

 

14. Әкім болуға кандидатты тіркеу және оған тиісті куәлікті беру

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 8 мамырдан басталады және 2025 жылғы 25 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5 бап)

 

15. Әкім болуға кандидатты тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                         (113-5 б. 9- т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ұйғыр ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28 б. 6- т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 25 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 14 маусымда   жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27 б. 2- т.)

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28 б. 4- т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2025 жылғы 26 мамырға дейін

                                                                                (24 б. 5 т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2025 жылғы 31 мамырға бастап

(26 б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2025 жылғы 5 маусымға дейін

(18 б. 5) т., 38 б. 2- т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын

2025 жылғы 12 маусымнан ерте емес және 14 маусымнан кешіктірмей

(37 б. 3 -т.)

 

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2025 жылғы 15 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40 б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                                                (38 б.1- т.)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18 б. 8) т., 43 б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43 б. 8- т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8 б.1 -т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей

(113-10 б.1- т.)

 

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей

(44 б. 4-т. 4) т.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру.

 

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін өз міндеттерін тоқтату туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
07 мая 2025