Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат және Кетпен ауылдық округтерінің әкімдері Р.М. Анадуллаев, А.И. Заитов және Б.Н. Шаймухаевтың өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы

Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат және Кетпен ауылдық 

округтерінің  әкімдері

Р.М. Анадуллаев, А.И. Заитов және Б.Н. Шаймухаевтың

 өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабының 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 мамырдағы «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен және Шарын ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы» № 1 шешімімен:

Кадиров Гожахмет Нурдунович Ават ауылдық округінің, Баратов Дилшат Гожабдуллаевич Қалжат ауылдық округінің, Умбетжанов Марат Нурахметович Кетпен ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімдері болып тіркелгендіктен, Ават ауылдық  округінің  әкімі Равиль Марленович  Анадуллаевтың, Қалжат ауылдық  округінің  әкімі Алимжан Ивизович Заитовтың, Кетпен ауылдық  округінің  әкімі Берик Наманжанович Шаймухаевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келетін негіздер туындады деп белгіленсін.

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ават, Қалжат және Кетпен ауылдық округтерінің әкімдері Равиль Марленович Анадуллаев, Алимжан Ивизович Заитов және Берик Наманжанович Шаймухаевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізоваға еңгізілсін.

 

Төраға                                                                          Е. Манапов

 

Хатшы                                                                         Р. Максатов

№14

06.05.2025

Шонжы а

Дата публикации
06 мая 2025