Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат және Кетпен ауылдық
округтерінің әкімдері
Р.М. Анадуллаев, А.И. Заитов және Б.Н. Шаймухаевтың
өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабының 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кадиров Гожахмет Нурдунович Ават ауылдық округінің, Баратов Дилшат Гожабдуллаевич Қалжат ауылдық округінің, Умбетжанов Марат Нурахметович Кетпен ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімдері болып тіркелгендіктен, Ават ауылдық округінің әкімі Равиль Марленович Анадуллаевтың, Қалжат ауылдық округінің әкімі Алимжан Ивизович Заитовтың, Кетпен ауылдық округінің әкімі Берик Наманжанович Шаймухаевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келетін негіздер туындады деп белгіленсін.
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
№14
06.05.2025
Шонжы а