Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Шарын ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 04 мамырда Ұйғыр ауданы, Шарын ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3716 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2690 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Ұйғыр ауданы, Шарын ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Алғазиев Болат Әкімханұлы үшін сайлаушылардың 2195 дауысы берілді;
Саудагерова Ғалия Нұрмышқызы үшін сайлаушылардың 235 дауысы берілді;
Сайдалимов Айдар Қасенұлы үшін сайлаушылардың 227 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 20.
Сайлау қорытындылары бойынша Шарын ауылдық округ әкімі болып:
1964 жылы туған, Шарын ауылдық округінің әкімі, Шарын ауылының тұрғыны Алғазиев Болат Әкімханұлы сайланды.
Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы