«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері жөнінде аналитикалық анықтама
Шонжы ауылы 19.02.2025 ж.
КІРІСПЕ БӨЛІМІ
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2025 жылғы 7 ақпандағы бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №10-Ө бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 12 ақпан -18 ақпан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау бөлімнің 2024 жылдың 01 қаңтар айынан бастап 31 желтоқсан айы аралығындағы жұмыс кезеңін қамтыды.
Бөлім өз қызметін Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жыл 04 шілдедегі № 304 қаулысымен бекітілген, «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады (Алматы облысы Әділет департаменті Ұйғыр ауданының әділет басқармасында 2018 жылы 18 қыркүйекте тіркелді).
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіру мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес
Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік мекеме өз жұмысында мемлекеттік қызметтердің тәртібін реттейтін төмендегі нормативтік құққықтық актілерді қолданады:
1.ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы;
2.Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексі;
3.ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы;
4.ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
5.ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322 «Ардагерлер туралы» Заңы;
7.ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Неке және отбасы Кодексі;
8.ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы
9.ҚР 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы
10.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 263 бұйрығы;
12.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 230 бұйрығы. ;
15.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 288 бұйрығы;
16.Аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсадағы № 8-34-174 шешімі;
18.Аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы №8-18-91 шешімі;
19.Аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 5 маусымдағы №6-65-373 шешімі;
Жоғарыда көрсетілген нормативті құқықтық актілер бойынша жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
1.Персоналды басқару бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы:
Жыл басына бөлімнің штат саны 10 бірлікті құрады, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметші (бөлім басшысы-1, орынбасары-1, бас маман-5), 3- техникалық жұмыскер.
-Бөлімнің жанында жұмыс атқаратын 3 бөлімше бар: «Жалғызбасты қарт азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі» - штат саны 16 бірлік (бөлімші меңгерушісі -1, әлеуметтік қызметкер -15); «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» - 2 бөлімше, штат саны 33 бірлікті құрады (2 бөлімше меңгерушілері, 1 кеңесші, 1 психолог, 1 айқындауды жүргізетін әлеуметтік қызметкер, 28 әлеуметтік қызметкерлер).
Қызметкерлердің біліктілігн арттыру, қайта даярлау жоспарлы кестеге сәйкес жүргізіледі. 2024 жылы 1 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру үшін оқуға барып келді.
Бөлім бойынша теріс негіздер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ, кадрлардың тұрақсыздығы төмен және бөлімде тұрақтылық бар.
Шамадан тыс қысқа мерзімде тәртіптік жазаларды алып тастау болған жоқ. Тәртіптік жаза жойылмай, қызметкерлерге сыйлықақылар берілмеді.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу анықталған жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету:
2024 жылы 14 мемлекеттік қызмет турлері бойынша жалпы 4445 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
-Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу-137;
-Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету-447;
-Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу-49;
- Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу-44;
-Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу-258;
-Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу-41;
-Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу-53;
-Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау-86;
-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау-531;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау-142;
- Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша құжаттарды рәсімдеу- 1541;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен fзаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру-0;
- Атаулы әлеуметтік көмек -1115;
-Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы -1.
Қаралатын кезеңде мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің консультанты С.Хавайдуллаеваға «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру қызметін» көрсету кезінде өтінішті қарау мерзімін бұзған үшін 2024 жылдың 25 маусымында бөлім басшысының №61 бұрығымен тәртіптік жазаға тартылды.
Мемлекеттік қызметтердің үлкен саны электрондық форматта көрсетіледі, бұл қызмет алушы мен қызмет берушімен өзара әрекеттесуінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды. Одан басқа мемлекеттік қызметті алудан бас тартқандар, мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер, сапасына, қызметкерлерге немесе көрсету мерзімдеріне қатысты шағымдар болмаған. Мемлекеттік қызмет регламенті Ережеге және нақты үдеріске сәйкес келеді. Ережеде соңғы орындаушы көрсетілген. Қызмет алушымен тікелей байланыс бар, себебі Ережеге сәйкес қызмет қағаз және (немесе) электрондық нұсқада көрсетіледі. Қосымша құжаттарды сұрату фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттары туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтында мекенжайы бойынша жарияланған. Бөлім ғимаратында мемлекеттік қызметтер туралы Ережелері стендтер орналасқан, «өзін өзіне қызмет көрсету бұрышы» бар.
Жемқорлық тәуекелі.
Бүгінгі күнге бөлім арқылы көрсетілетін «Семей ядролық сынақ полигонындағы барлық сынақтардан кейін азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы, нәтижелер беру» мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған. Бұл қызмет көрсетілген жағдайда құжаттар пакеті Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арқылы жеткізіледі.
Ұсыныс
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Алматы облысы Ұйғыр ауданының азаматтары үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық базасын интеграциялау мәселесін қарастыру мүмкіндігі туралы хат жолдасын.
Ғимараттың көрінікті жерінде шағым жәшігі орналастырылған және сенім телефоны 8-727-78-2-12-70 немесе 8-727-78-2-11-70 телефондары жұмыс істейді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу фактілері болған жоқ.
4.Бақылау функцияларын іске асыру бойынша
Басшылық тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмас үшін басшы тарапынан жан жақты, объективті, яғни жұмыстың барлық саласын бейтарап қамтиды. Есептерді өз мерзімінде ұсынбау және шағымдарға, хаттарға жауап бермеу фактілері тіркелген жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзушылықтарі болған жоқ.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркеуге, есепке және қаралуға жатады. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы бар.
Бөлімнің және оның қызметкерлері тарапына айтылған жағымсыз материалдар болған жоқ.
Зерттелетін кезеңде азаматтардың өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты өтініштер жоқ екенін көрсетіп отыр. Бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөнінде қатысты прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері зерттелетін кезеңде түспеген.
Аналитикалық анықтаманың қорытынды бөлімі
Бөлімнің атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәліметтер үнемі бөлімнің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бөлімнің парақшасында (uygur_audany_sobes) жарияланып тұрады.
2024 жылдың ақпан мен мамыр айларында бөлім қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың ішінде аудандық «Қарадала тынысы» газетінде «Әлеуметтік портал арқылы мүгедектерге көрсетілетін көмектер туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу туралы» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар шығарылды.
.
Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, жұмыс тобы бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген шешімге келді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізу ұсынылды.
Топтың мүшелері:
1.Р.Толымбекова
2.Д.Ибрагимова
3.Н.Генякова
Бөлім басшысы В.Амирдинов