Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 03-54 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 09 сәуірде № 3131 болып тіркелді
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6- тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Бекмуханбетов
Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы
"Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін
үй-жайлар беру туралы" № 03-54 қаулысына 1-қосымша
Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Қалжат ауылдық округі бойынша:
1) Қалжат ауылы, Розыбакиев көшесі, № 48, Қалжат Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд
Ұйғыр ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Қалжат ауылдық округі бойынша:
1) Қалжат ауылы, Розыбакиев көшесі, № 48, Мәдениет үйі.