Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                           2025 жылғы 26 наурызда Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 04 мамырға  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Кетпен ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1800 адамды құрайды.

2025 жылдың 27 наурыздан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 8 сәуірдегі жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 8 сәуірде сағат 18:00-де аяқталды.

 

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025