2025 жылғы 4 мамарына тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2025 жылғы 4 мамарына тағайындалған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен,

Шарын ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен, Шарын ауылдық  округі әкімінің сайлауын тағайындау

                                  Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

 

- 2025 жылы 26 наурыз.

(113-1 б. 2,3-т)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 05 сәуірден кешіктірмей.

( 22 б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 05 сәуірден кешіктірмей.

(13 б. 4 т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей.

(17 б.2 т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

- 2025 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей.

(23 б.5 т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Саяси партиялар, белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 27 наурызда басталады және 2025 жылы 08 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-3 б. 1,5 т.)

7. Әкімдікке кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

                                  (пп.2) п.4 ст.4, ст.113-2, п.11ст.113-5)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Ұйғыр  аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

(14 б. 8-1) т., 31 б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей.

                                                                            (113-4 бап)                                                        

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып.

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

(113-4 б. 8 т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдікке кандидаттар,

Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін.

(113-5 б. 2 т.)

12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2025 жылғы 01 наурызына) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін.

(113-5 б. 3 т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5 б. 3 т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылы 27 наурызда басталады және 2025 жылы 13 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-5 бап)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

                                                                         (113-5 б. 9 т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін.

 (28 б. 6 т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 13 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 03 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(27 б. 2 т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28 б. 4 т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2025 жылы 14 сәуірге дейін.

                                                                                (24 б. 5 т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2025 жылғы 19 сәуірден бастап.

(26 б. 1 т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2025 жылғы 24 сәуірге дейін.

(18 б. 5) т., 38 б. 2 т.,)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын

2025 жылғы 01 мамырдан ерте емес және 03 мамырдан кешіктірмей.

(37 б. 3 т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2025 жылы 04 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де.

(4 б. 1т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін. (егер дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақыты белгіленбесе)

                                                                              (38 б.1 т.)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

(18-б. 8)т., 43б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(43 б. 8 т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(113-8 б.1 т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 07 мамырдан кешіктірмей.

(113-10 б.1 т.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей.

(44 б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

2025 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей.

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
26 марта 2025