Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен, Шарын ауылдық округтері әкімдерін
сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен, Шарын ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават, Қалжат, Кетпен, Тиірмен, Шарын ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
№ 6 26.03.2025ж.