Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Бахар ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 27 ақпанда Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 06 сәуірге Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 12 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Бахар ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 2013 адамды құрайды.
2025 жылдың 27 ақпаннан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.
3 кандидат өзін-өзі ұсынылды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 11 наурызда сағат 18:00-де аяқталды.
Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы