Құрылыс салу саласындағы заңдылық
Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі тұрғындарға елді мекендер аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейтінін еске салады. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес елді мекен аумағында ғимараттар мен құрылыстар салуды жүзеге асырады. Жер учаскелерін салуға және пайдалануға жер учаскелеріне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарында көрсетілетін нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікте жол беріледі және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы деректерді алу, яғни сәулеттік жоспарлау тапсырмасы.
2)эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету, Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Анықтама үшін: 87277821495