Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

Аудан бойынша 21 мәдениет мекемелері, 6 мәдениет үйі мен 15 клуб бүгінгі таңда  аудан  тұрғындарына  мәдени қызмет көрсетеді. Аудандық мәдениет үйі жанында 18 штаттық бірлікпен «Жазерке» халықтық ұлт-аспаптар ансамблі, 20 штаттық бірлікпен «Арзу» халықтық ән-би ансамблі,       6 штаттық бірлікпен «Қарадала» халық театры жұмыс істейді. 20 мәдениет мекемесінің  барлығының типтік ғимараттары бар. Қырғызсай ауылында клуб болмағандықтан  ауылдық округ әкімшілігінің  ғимаратының бір бөлмесінде  жұмыс жасауда.  Шарын  ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
12 ай ішінде аудан бойынша 1250 шара өткізіліп, 88890 көрермен санымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде аудан орталығында 90 шара, көрермен саны- 24470. Атап  айтқанда: 
6 маусым күні Үлкен Диқан ауылында Заманбек Батталхановтың құрметіне орнатылған бюстінің ашылу салтанаты өткізілді. 
19 шілде күні Шәлкөде жайлауында Ұйғыр ауданының ұйымдастыруымен «Шопандар тойы» іс-шарасы өткізілді. 
8-13 қыркүйек күні аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары болып өтті. Этноауылға келген қонақтарға Алматы облысының тарихы, мәдениеті, туристік аймақтары және тарихи тұлғалары таныстырылды. Тарихи тұлғалардың ішіндегі ақиық ақын Мұқағали Мақатаев бейнесін «Қарадала» халық театрының жетекшісі Нұржакуп Еркебұлан Жұмағалиұлы сомдады.
Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхана бойынша
Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аудандық кітапхана қызметкерлері жалпы-39, оның ішінде кітапханашы мамандығы бойынша-29 маман қызмет атқарады. Кітапхана қызметкерлерінің- 23 кәсіби жоғары, 12 арнаулы орта, 4 орта білімді мамандар. 
        Әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасының кітап қоры -  67981, мемлекеттік  тілінде – 129 371 дана, жаңа кітап саны 2589, оның ішінде мемлекеттік тілде 114 дананы құрайды.
    2024 жылы оқырман саны 24803 болып, кітапханаларға келушілердің орташа көрсеткіші  292366 артты, кітап берілімі  585 566-ға жетті. Аудандық кітапханада 2186  іс-шаралар жоспарланды. Бүгінгі таңда  325 аудандық, ауылдық округтерде  1861 іс-шара өткізілді.
24 қазан – Кітапханашылар күні қарсаңында Қонаев қаласында өткен «Кітапхана – парасат мекені!» атты мерекелік жиында Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық және ауылдық кітапханалар марапатталды. Тасқарасу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қабылбекова Гулбаршын Қазақстан кітапханалық одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төбелгісімен, Кіші Дихан ауылдық кітапханасының кітапханашысы ҚР Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен, Қырғызсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тұңғатарова Жанар ҚР Ұлттық кітапханасы «Құрмет грамотасы», Аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашысы Насирова Санам ҚР Ұлттық кітапханасы «Алғыс хаты», Сүмбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Асамбаева Гульнара Алимжанова ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Алғыс хаты», Аудандық кітапхананың әдіскері мен бағдарламашысы Жунусова Арна Алматы облысының әкімі «Құрмет грамотасы», Аудандық кітапхананың кітапханашысы Турганжанова Наргиза Алматы облыс әкімінің «Алғыс хаты», Сұңқар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мубакаева Аруна Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. 
Алдағы 2025 жылға облыстық – 1, аудандық – 368, жалпы  678-ге жуық                іс – шара жоспарланып отыр. 
Ұйғыр ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы бойынша:
 
Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жылдық жоспарға сәйкес дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығында 545 спорттық іс-шаралар жоспарланды. Бүгінгі таңда 3 облыстық, 61 аудандық, ауылдық округтерде 461 спорттық іс-шара өткізілді.
Ауданда өткізілген облыстық іс - шаралар: 
Ауданда спорттың 3 түрінен (баскетбол, волейбол, футболдан) «Алатау – 2024» Лигасы құрылды. 
25 қазан - Республика күніне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Шарын Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі» мекемелерінің ұйымдастыруымен тұрғындар мен мекеме қызметкерлері арасында велосжарыс өткізілді. Шарын табиғи паркінің әсем көріністерін тамашалай отырып, жарысқа  50 – ге жуық велосипедші катысты.                           Нәтижесінде: 1 – орын Турсунжанов  Фарух, 2 – орын Мукамеджанов Аманжол, 3 – орын Ишкуллаев Данияр жүлдегер атанды. Жүлдегерлер мадақтама қағаздар, бағалы сыйлықтар мен медальдармен марапатталды. Сондай – ақ 25 қазан - Республика күніне орай аудан жастары арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарысқа 9 команда 45 адам қатысып, мадақтама қағазы, кубог, медальдармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 2 – 6 желтоқсан күндері Қарасай ауданында жастар арасында Ұлттық ат спорт түрлерінен Алматы облысының іріктеу чемпионаты өткізілді. Аталған шараға 150 ден астам спортшы қатысты. Аудан атынан қатысқан спортшыларымыздың ішінен Аударыспақтан: 1 - орын Мақсатұлы Әлихан 3 - орын Тоқтасын Аділет, Жамбы атудан: 3 - орын Дүйсенбек Алмат иеленсе Ұйғыр ауданы командалық есепте жүлделі 3 - орынды иеленді. 
Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұ¬ғылданушы халықтың санын 50 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін орындау мақсатында аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығында 23 спорт нұсқаушылары қазіргі уақытта  барлық ауылдық округтерде волейбол, футбол, баскетбол және т.б. спорт түрлері бойынша секциялар жүргізуде.
Спортшылардың оқу-жаттығулары бекітілген келісім-шартпен тегін түрде спорттық-сауықтыру кешенінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, жалпы білім беретін мектептердің спорттық залдарында, стадиондарда өткізілуде.
Спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аудан аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады.  Алдағы 2025 жылға облыстық – 4, аудандық – 76, жалпы 550-ге жуық іс – шара жоспарланып отыр. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі Алматы облысының 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы №58 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы №114  қаулысы қабылданып, аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.  
  Мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың және мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі 100 пайызды құрады. 
 Ауданда «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Ал мемлекеттік тілді оқыту курстарына әр түрлі сала қызметкерлерінен 273 адам қатысты. «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1, В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер үлесі 95 пайызды  құрайды. Жалпы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 97 пайызды құрайды.
Ауданда 2 газет жарық көреді. Оның ішінде: аудандық «Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде аптасына бір рет, ал аудандық «Іле өңірі-Или вадиси» әлеуметтік, ақпараттық, әдеби газеті қазақ, ұйғыр тілдерінде айына төрт рет шығады. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 70 пайызды құрайды.
Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру мақсатында аудандық «Тіл және ономастика» жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес мекемелерде, ауылдық округтерде зерделеу жұмыстарын жүргізу, қызметкерлермен тұрғындар арасында семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланды. Шағын және орта бизнес нысандарына атау беру кезінде олардың иелеріне алдын-ала әдістемелік көмек көрсетіп, маңдайшалар мен жарнамаларының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
Аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында арнайы құрылған зерделеу топтары кесте бойынша ауылдық округтер мен аудан орталығының көшелеріндегі жарнама, хабарландыру, атаулар мен маңдайшалар жалпы ілінген көрнекі құралдардың жазылу тіліне зерделеу шаралары ұйымдастырылды. 
Ауданда өткізілетін барлық бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шаралар тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша  142 қоғамдық іс-шаралар, 1253 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 18142 адам қатысты. 
Ауданда жалпы 102 көрнекі-ақпарат құралдары бар. Оның барлығы мемлекеттік тілде жазылған.
 
Бөлім басшысы       Қ. Сабырбай
 
 
 
 
Дата публикации
27 февраля 2025