Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  2024 жылы  атқарылған жұмыстар туралы  ақпарат

 

1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 11-тарауы, 120- бабына сәйкес 2024 жылдың басынан 389 отбасындағы 2212 адамға 210360,0 мың теңге сомасында  атаулы әлеуметтік көмек және АӘК алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр бір балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде қосымша төлем 653 балаға 28963,7 мың теңге тағайындалып төленді.

 

2.Мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы

Жыл басынан мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуі бойынша 82 балаға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сомасы                 6670,0 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді

 

  1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша.

Ұйғыр аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес 2024 жылдың қаңтар айынан бастап  бір Ұлы Отан соғыс ардагеріне коммуналдық қызметтің шығындарын өтеу үшін  3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 айға  132,9 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Мерекелік күндеріне  орай 1  Ұлы  Отан  соғыс  ардагеріне 2000 000 теңге,   20 Ауған соғысының қатысушыларына 3692,0 мың теңге, 201 тыл еңбеккерлеріне 11131,38 теңге, 2 ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 111,0 мың теңге, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (Таулы Карабах) 9 адамға 1661,4 мың теңге, 25 тәжік-ауған мемлекетінің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне  4615,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген 16 адамға  2953,6 мың теңге,  21 Чернобыль апатына қатысушыларға 3876,6 мың теңге, Даманск 2 адамға 369,2 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

 Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 34 адамға  7389,6 мың теңге, пробация есебінде тұрған 6 адамға 332,3 мың теңге және жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% қатынасынан аспайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын 197 балаға 19552,2 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Аудандық Мәслихаттың 2024 жылдың 05.07.2024 жылдың №8-25-134 шешіміне сәйкес аудандағы аз қамтылған    26 отбасына 1251,5 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі  төленді.

Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатап алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ауылдық елді-мекендерде тұрып, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, ветеринария, спорт және мәдениет салаларында  жұмыс істейтін 3294 қызметкерге 60807,2 мың  теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

  1. 4. Мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету

Ауданда оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 120 мүгедектігі бар балаға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Әр әлеуметтік қызметкер аптасына 2-3 рет 4-6 балаға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Бөлімше жанынындағы оңалту кабинетінде 25 баламен жұмыс жасау үшін әдістемелік құралдар, дамыту ойыншықтар,  спорт құралдары бар. 

 

5.Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету

Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше арқылы 97 жалғыз басты қарттарға және бөгде адамның күтімі мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетілуде.

 

  1. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету

Аудан бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 13-тарауы, 1,2,3 параграфтарына сәйкес   мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде келесі әлеуметтік көмектер керсетілген:   

- 555 мүгедектігі бар азаматтан гигиеналық құралдар туралы өтініш түсіп,    547 мүгедектігі бар азамат  жергілікті  бюджет есебінен қамтылды

- санаторийлік-курорттық ем алу үшін ағымдағы жылы 177 өтініш білдіріп,  177 азамат жолдамамен қамтылды;

- 170 протездік-ортопедиялық кұралдарды алуға  өтініш келіп түсіп, оның  168  құралдары берілді;

-  жүріп туруы қиын мүгедектігі бар  азаматтардан 52 арнаулы жүріп-тұруын қамтамасыз ететін құралдарға өтініш түсіп, оның 52-сімен  қамтылды;

-   42 сурдо-тифлотехникалық құралдарға өтініш келіп түскен болса, олырдың  42–і берілді.

- 43 бірінші топ мүгедектігі бар азамат жеке көмекші қызметімен қамтамасыз етілді.

 

7.«Инватакси» қызметі

 

Аудан бойынша «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы «Инватакси» қызметі жүзеге асырылуда.  Аудан бойынша аталған қызметті алатын  162 мүгедектігі бар  азамат  бар. Осы мүгедектігі бар азаматтардан жыл басынан 5204 өтініш түсіп, барлығы қызметпен қамтылды

 

8.Инфрақұрылым обьектілері

Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне кіріп шығуын қамтамассыз  ету  үшін  2024 жылы 24 объектілерге пандустар   орнату  жоспарланып, олардың 12 орындалды.

 

  1. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу

Жыл басынан аудан бойынша еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алуға 1541 өтініш келіп түсті, оның ішінде 820 адамға рұқсат берілді, 335 ұзартылды  және 386 бас тартылды.

 

 

 

Бөлім басшысы                             В.Амирдинов

 

Дата публикации
27 февраля 2025