Ұйғыр ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

         Шонжы ауылы                                                                                                         село Шонжы                                                                                                    

 

 

 

Ұйғыр ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылы келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 441 825 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер 2 213 392 мың теңге; 

салықтық емес түсімдер 30 254 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 667 255 мың теңге;

трансферттер түсімдері 4 530 924  мың теңге; 

2) шығындар 9 441 825 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 150 591 мың теңге, оның ішінде: 

бюджеттік кредиттер 203 060 мың теңге; 

бюджеттік кредиттерді өтеу 52 469 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 150 591 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)             150 591 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 203 060 мың теңге;

қарыздарды өтеу 52 469 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 663 152 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Шонжы ауылдық округіне  107 599  мың теңге;

Сүмбе ауылдық округіне  44 659  мың теңге;

Қырғызсай ауылдық округіне 49 181  мың теңге;

Үлкен Ақсу ауылдық округіне 38 410 мың теңге;

Ават ауылдық округіне 47 566  мың теңге;

Тиірмен ауылдық округіне 44 607 мың теңге;

Ақтам ауылдық округіне 37 681  мың теңге;

Дардамты ауылдық округіне  40 947  мың теңге;

Кетпен ауылдық округіне 45 766  мың теңге;

Кіші Дихан ауылдық округіне 41 769 мың теңге;

Қалжат ауылдық округіне 56 074 мың теңге;

Бахар ауылдық округіне 30 198  мың теңге;

Тасқарасу ауылдық округіне 38 227 мың теңге;

Шарын ауылдық округіне 40 468 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Ұйғыр ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 105 749 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2025