Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар

ауылдық округінің әкімін сайлауды

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси» газетінде жариялансын және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                   Е.Манапов

 

Хатшы                                                  Р.Максатов

 

 

 

Шонжы ауылы,

2025 жылғы 26 ақпан

№ 2

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025