Бахар ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Бахар ауылдық округі

 әкімінің өкілеттігін мерзімінен

 бұрын тоқтату туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының            5-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Бахар ауылдық округі әкімнің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне сәйкес Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бахар ауылдық округінің әкімі Салимов Талгат Нурахунұлының мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне сәйкес өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.
  2. Ұйғыр ауданының әкімі Елеусізова Бота Серікқызы Бахар ауылдық округінің әкімі Салимов Талгат Нурахунұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізсін.
  3. Осы қаулы Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

                                                                                                         

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                    Е. Манапов

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                   Р. Максатов  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1

24.02.2025 ж.

Дата публикации
25 февраля 2025