2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

2025-2030 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы                      20 ақпандағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының                       27-бабына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14-қосымшаларына сәйкес Шарын, Тасқарасу, Бахар, Шонжы, Сүмбе, Қырғызсай, Үлкен Ақсу, Ават, Тиірмен, Ақтам, Дардамты, Кетпен, Кіші Диқан, Қалжат ауылдық округтерінің 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары бекітілсін.
  2. «Ұйғыр ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 7-32-152 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ұйғыр аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы

 

Ұйғыр аудандық мәслихат хатшысы

             Н.Есжан

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025