Конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы хабарландыру

 

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Бесарыс көшесі, 12 үй 2 қабат мекеме басшысының бөлмесі  БСН:120640013413, почта: uygurroo@mail.ru, жауапты әдіскер Сраждинова Гулбахрям.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

 

 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Ұйғыр ауданы бойынша 3  жастан мектепке бейінгі тәрбиелеу мен оқытуға                            25 баланы қабылдауға конкурс жариялайды.

      Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

        1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

  2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат; 

       3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;   

    4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;     

  5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі.      

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурсқа қатысушылар  2025 жылдың 03 ақпанынан 6 ақпанға дейін  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Бесарыс көшесі №12, мекен-жайында орналасқан білім бөлімінің 2 қабатына мекеме басшысының бөлмесіне  толық құжаттар тізбесі әкеліп тапсырылады. 2025  жылдың 7 ақпан  ашылады.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің  интернет-ресурстарында жарияланады.

 

 

Бөлім басшысы                           М.А.Құрманалиева

Дата публикации
04 февраля 2025