ЖОБА
Ұйғыр ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 123 бұйырығына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппараты басшысы Е. Айдархановқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Елеусізова