Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

ЖОБА

 

 

 

Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

 

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 14), 15) тармақшаларына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты                                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері 40 пайызға жоғарлатылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй" мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                            Аты-жөні

Лауазымы                                                                            Аты-жөні

 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2024