ЖОБА Үлкен Ақсу ауылдық округінде шектеу іс-шаралары және карантинді белгілеу туралы

 

 

ЖОБА

 

 

Үлкен  Ақсу  ауылдық  округінде

шектеу іс-шаралары және карантинді белгілеу туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына, «Шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына сәйкес және ұсынымға сәйкес Ұйғыр ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 04 қыркүйектегі №22-13-172 ұсынымына сәйкес, «Сібір жарасы» ауруының ошағын жою мақсатында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі                                                ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Үлкен Ақсу ауылдық округінде «Сібір жарасы» ауруының ошағын жою мақсатында шектеу іс-шаралары және карантин белгіленсін.
  2. Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 қыркүйектегі №9-23 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Сібір жарасы» ауруының ошағын анықтау және жою жұмыстары жүргізілсін. 
  4. Осы шешімнің орындалуын  бақылау  ауылдық  округінің  ветеринарлық  пунктінің  меңгерушісі  Бахавдинов Бахадур Баратовичке  жүктелсін.   
  5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Округ   әкімінің у.м.а.                                      С.Адаутов

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 сентября 2024