Егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру туралы

Алматы  облысының  ауыл   шаруашылығы  басқармасы  (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру 2024 жылдың 1 мамырынан бастап 20 мамырына дейін қабылданады.

Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;

3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);

4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.

Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.             

Барлық сұрақтар бойынша 8 (702) 662-8111 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

 

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Дата публикации
02 мая 2024