«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2022 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері жөнінде аналитикалық анықтама
Шонжы ауылы 19.05.2023 ж.
КІРІСПЕ БӨЛІМІ
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемемсінің басшысының 2023 жылғы 3 мамырдағы бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы № 43-Ө бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 15 мамыр -20 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талддау жүргізілді.Ішкі талдау бөлімнің 2022 жылдың 01 қаңтар айынан бастап 31 желтоқсан айы аралығындағы жұмыс кезеңін қамтыды.
Бөлім өз қызметін Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жыл 04 шілдедегі № 304 қаулысымен бекітілген, «Ұйғыр ауданының жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады (Алматы облысы Әділет департаменті Ұйғыр ауданының әділет басқармасында 2018 жылы 18 қыркүйекте тіркелді).
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіру мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес
Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік мекеме өз жұмысында мемлекеттік қызметтердің тәртібін реттейтін төмендегі нормативтік құққықтық актілерді қолданады:
1.ҚР 2001 жылңы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы;
2.ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтк көмек туралы» Заңы;
3.ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;
4.ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы;
5.ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
6.ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы;
7.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 379 бұйрығы;
9.ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Неке және отбасы Кодексі;
11.ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Жұмыспен қамту туралы» Заңы;
18.Аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген сантттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 17 наурыздағы № 6-61-350 шешімі;
21.Аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 5 маусымдағы №6-65-373 шешімі;
Жоғарыда көрсетілген нормативті құқықтық актілер бойынша жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
1.Персоналды басқару бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы:
Жыл басына бөлімнің штат саны 10 бірлікті құрады, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметші (бөлім басшысы-1, орынбасары-1, бас маман-5), 3- техникалық жұмыскер.
- 2021 жылдың маусым айынан бастап бөлім басшысының орынбасары зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылып кетуіне байланысты, 2022 жылдың 26 қаңтарынан бастап бөлім басшысының орынбасары болып Р.Толымбекова тағайындалды.
-Бөлімнің жанында жұмыс атқаратын 3 бөлімше бар: «Жалғызбасты қарт азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі» - штат саны 16 бірлік (бөлімші меңгуршісі -1, әлеуметтік қызметкер -15); «Мүмкіндігі шектелген балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» - 2 бөлімше, штат саны 33 бірлікті құрады (2 бөлімше меңгерушілері, 1 кеңесші, 1 психолог, 1 айқындауды жүргізетін әлеуметтік қызметкер, 28 әлеуметтік қызметкерлер).
Қызметкерлердің біліктілігн арттыру, қайта даярлау жоспарлы кестеге сәйкес жүргізіледі. 2022 жылы 3 мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру үшін оқуға барып келді.
Бөлім бойынша теріс негіздер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ, кадрлардың тұрақсыздығы төмен және бөлімде тұрақтылық бар.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу анықталған жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету:
2022 жылы 14 мемлекеттік қызмет турлері бойынша жалпы 6457 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
-Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу-228;
-Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету-575;
-Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу-82;
- Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу-71;
-Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу-184;
|
-Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу-3; -Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу-273; -Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау-84; -Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау-1027; - Тұрғын үй көмегін тағайындау-1215; - Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша құжаттарды рәсімдеу- 840; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен заматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру-8; - Атаулы әлеуметтік көмек -1865; - Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы -2. Қаралатын кезеңде Мемлекеттік қызметті алудан бас тартқандар, мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер, сапасына, қызметкерлерге немесе көрсету мерзімдеріне қатысты шағымдар болмаған. Мемлекеттік қызмет регламенті Стандартқа және нақты үдеріске сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет стандартында мемлекеттік қызметті ұсынуға бас тарту үшін негіздемелер туралы нормалар қарастырылмаған. Стандартта соңғы орындаушы көрсетілген. Қызмет алушымен тікелей байланыс бар, себебі Стандартқа сәйкес қызмет қағаз және (немесе) электрондық нұсқада көрсетіледі. Қосымша құжаттарды сұрату фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттары туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтында мекенжайы бойынша жарияланған. Бөлім ғимаратында мемлекеттік қызметтер туралы Стандарттар мен Ережелері бойынша стендтер орналасқан, «өзін өзіне қызмет көрсету бұрышы» бар. Ғимараттың көрінікті жерінде шағым жәшігі орналастырылған және сенім телефоны 8-727-78-2-12-70 немесе 8-727-78-2-11-70 телефондары жұмыс істейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу фактілері болған жоқ.
4.Бақылау функцияларын іске асыру бойынша
Басшылық тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмас үшін басшы тарапынан жан жақты, объективті, яғни жұмыстың барлық саласын бейтарап қамтиды. Есептерді өз мерзімінде ұсынбау және шағымдарға, хаттарға жауап бермеу фактілері тіркелген жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзушылықтарі болған жоқ.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркеуге, есепке және қаралуға жатады. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы бар. Бөлімнің және оның қызметкерлері тарапына айтылған жағымсыз материалдар болған жоқ. Зерттелетін кезеңде азаматтардың өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты өтініштер жоқ екенін көрсетіп отыр. Бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөнінде қатысты прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері зерттелетін кезеңде түспеген.
Аналитикалық анықтаманың қорытынды бөлімі 2022 жылдың 11 мамырында «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Адал көмек» жобасы аясында бөлім басшысы В.Амирдинов бөлімдегі атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, жұмыс тобы бөлімнің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген шешімге келді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізу ұсынылды.
Топтың мүшелері:
1.Р.Толымбекова 2.З.Велахунова 3.Д.Ибрагимова
Бөлім басшысы В.Амирдинов
|