Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылына қарасты жаңа көшелерге атаулар берутуралы

ЖОБА

 

Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылына қарасты

жаңа көшелерге атаулар берутуралы

 

         Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының  35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының  4) тармақшасына сәйкес, Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 05 мамырдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының оң қорытындысы негізінде, Тасқарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Тасқарасу ауылының солтүстіктен оңтүстікке қарай бірінші көшені – Дінмұхамед Қонаев көшесі, үшінші көшені – Бауыржан Момышұлы көшесі, Тасқарасу ауылының батыстан шығысқа қарай үшінші көшені - Мәншүк Мәметова көшесі, төртінші көшені – Тоқаш Бокин көшесі, жетінші көшені – Сәкен Сейфуллин көшесі, оныншы көшені –Береке көшесі, он бірінші көшені –Отау көшесі деп аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғаш  ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

 

Ауылдық округ әкімі                                         А.Мамышев

Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылына қарасты жаңа көшелерге атаулар берутуралы
Дата публикации
06 июня 2022