ЖОБА
Бахар ауылдық округінің Бахар, Шырын ауылдарына қарасты
жаңа көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бахар ауылдық округінің Бахар, Шырын ауылдары халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 05 мамырдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының оң қорытындысы негізінде, Бахар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Бахар ауылдық округінің Бахар ауылына қарасты шығыстан батысқа қарай бірінші көшені Әл-Фараби көшесі, шығыстан батысқа қарай екінші көшені Сәбит Мұқанов көшесі; оңтүстіктен солтүстікке қарай екінші көшені Тұран көшесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай жетінші көшені Алатау көшесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай сегізінші көшені Илья Бахтия көшесі, Шырын ауылына қарасты шығыстан батысқа қарай орналасқан бірінші көшені Әлішер Науаи көшесі, екінші көшені Жетісу көшесі, үшінші көшені Дінмұхамед Қонаев көшесі, төртінші көшені Мұқағали Мақатаев көшесі, бесінші көшені Махмұд Қашқари көшесі, алтыншы көшені Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көшені Жібек жолы көшесі, екінші көшені Ақсу көшесі, үшінші көшені Іле көшесі деп аталсын.
- Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Ж. Жақсылық