ЖОБА
Шарын ауылдық округі Шарын ауылының
көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ШЕШТІ:
- Шарын ауылының солтүстіктен оңтүстікке қарай көшелерге, кезекпен: бірінші көшеге - Сабыр Елебаев көшесі, екінші көшеге – Жамбыл көшесі, үшінші көшеге - Решит Манапов көшесі, бесінші көшеге - Жібек Жолы көшесі, он бірінші көшеге - Қожамберді Мурзабаев көшесі, он екінші көшеге - Мамыр Тұрсынбаев көшесі, он үшінші көшеге - Әлішер Науаи көшесі, Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай бірінші көшеге – Тастақ көшесі, алтыншы көшеге – Абай көшесі, тоғызыншы көшеге - Садыр палуан көшесі деп атау берілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев