Үлкен Ақсу ауылдық округінің, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу ауылдарының транскрипциясын нақтылау және Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Долайты ауылдарының көшелеріне атау туралы

Үлкен Ақсу ауылдық округінің,

Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу ауылдарының транскрипциясын нақтылау

және Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Долайты ауылдарының

көшелеріне атау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы  туралы» 1993  жылғы 8  желтоқсандағы  Қазақстан  Республикасы Заңының                   14-бабының     4) тармақшасына сәйкес, Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу және Долайты ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы             30 наурыздағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінің  әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Больше-Аксуский сельский округ – сельский округ Үлкен Ақсу, село Большое Аксу – село Үлкен Ақсу, село Малое Аксу – село Кіші Ақсу деп транскрипциясы нақтылансын.
  2. Үлкен Ақсу ауылының шығыстан батысқа қарай екінші көшені – Жүсіп Баласағұн көшесі; оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көшені – Ахмет Иүгінеки көшесі, екінші көшені – Буғра хан көшесі, төртінші көшені – Томирис көшесі, бесінші көшені – Махмұд Қашқари көшесі, Кіші Ақсу ауылының шығыстан батысқа қарай алтыншы көшені – Өрнек көшесі, Долайты ауылының шығыстан батысқа қарай үшінші көшені – Достық көшесі деп атау берілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі

 

А. КУРБАНИЯЗОВ

 



Дата публикации
12 мая 2022