Ұйғыр аудандық бюджет комиссиясы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 648 "аудандық бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысымен құрылды, комиссия Ережесі бекітілді. Бюджет комиссиясының құрамы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 6-59-342 "аудандық бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы"шешімімен бекітілген.
Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, 9 мүшеден және хатшыдан тұрады. Ұйғыр ауданының әкімі комиссия төрағасы болып табылады. Ұйғыр ауданы әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлауға жетекшілік ететін орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады. Комиссия мүшелері аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұйғыр филиалының директоры, қаржы бөлімінің басшысы, Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы болып табылады. Комиссия хатшысы – Ұйғыр ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бюджеттік комиссияның 6 отырысы өткізілді. Отырыстарда бюджет көрсеткіштерін түзету, қала және ауылдық округтердің бюджетін нақтылау, шығыстар лимиттерін айқындау, 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау қорытындылары қаралды.
Ұйғыр ауданының экономика
және БЖ бөлімінің басшысы М.Исмаилов