2025 жылдың 12 айы бойынша бойынша
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
АНЫҚТАМАСЫ
Шонжы ауылы 25.08.2026 жыл
ІС-ҚАҒАЗДАРДЫҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысының 2026 жылғы 06 тамыздағы № 148 бұйрығы негізінде, мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2025 жылғы 11 тамыз бен 25 тамыз аралығында ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау аппарат жұмысының 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңін қамтыды.
Апарат өз қызметін «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы Ереже негізінде жүзеге асырады.
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – аудан әкімінің қызметін Ұйғыр ауданы аумағында дамыту мүдделерімен ұштастыра отырып, атқарушы биліктің ұлттық саясатын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мекеме өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Әкім аппараты өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін басшылыққа алады.
БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Ұйғыр ауданында 11 бөлім, 14 ауылдық округ жұмыс атқаруда. Жалпы аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны – 19, бос (ваканттық) лауазымдар саны – 7.
Аудан бойынша жарияланған 29 конкурстың ішінде 14-і жалпы конкурс ретінде өтіп, нәтижесінде 14 мемлекеттік қызметші лауазымдарға тағайындалды.
Мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы хабарламалар тіркелген жоқ.
Тәртіптік жауаптылыққа 23 мемлекеттік қызметші тартылған. Оның ішінде: 3 әкімнің орынбасары, 7 ауылдық округ әкімі, 8 бөлім басшысы, 2 маман. Теріс себептермен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар саны – 22.
Жалпы аудан бойынша 63 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі (Аудан әкімінің аппараты – 7, экономика және қаржы бөлімі – 1, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 5, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 1, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі – 1, ауыл шаруашылығы бөлімі – 4, жер қатынастары бөлімі – 2, құрылыс бөлімі – 1, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 16, ауылдық округтер – 7).
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылы қызметтің 63 түрі бойынша 8067 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Ұйғыр ауданының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, 21 мемлекеттік мекемеде ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мониторинг қорытындысы бойынша, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың 22 жағдайы анықталды. Салдарынан 9 маманға «ескерту» (3 маманға) және «айыппұл» (1 маманға және т.б.) түріндегі жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, тұрақты негізде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 16 жәрмеңке, 9 дөңгелек үстел өткізіп, баспасөзде 13 мақала жариялады. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету бойынша семинарлар ұйымдастырылып, брошюралар мен хабарландырулар таратылды. Электрондық үкімет порталының «өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» арқылы 70 іс-шара жүргізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Онда электрондық қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтар мен мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің тізбесі орналастырылған.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жоспарлы түрде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілікті арттыру курстарына жіберіліп тұрады. Аудандық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.
1) Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыру:
Есепті кезеңнің 12 айында 2 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру оқуынан өтті. Жергілікті мемлекеттік органдарда қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша – 1, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы бойынша 11 оқыту семинары өткізілді.
2) Халықтың қалың тобына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету:
Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін кеңейту үшін аудан бойынша «Электрондық үкімет» порталына қосылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылды. Тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін өз бетінше ала алады.
Қазіргі уақытта мұндай «электрондық бұрыштар» аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін барлық органдарының ғимараттарында жұмыс істейді: аудан әкімінің аппаратында, 14 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында, 4 аудандық бөлімде және Халықты жұмыспен қамту орталығында.
2025 жылдың 12 айында «Электрондық бұрыштар» арқылы тұрғындарға электрондық қызметтер көрсетіліп, ЭЦҚ кілттері рәсімделді.
Ұйғыр ауданы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Сервистік әкімдік» ашылды. «Open space» форматында Халықты жұмыспен қамту орталығы мен 11 аудандық бөлімнің (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы бөлімдері) жауапты мамандары азаматтарға кеңес беріп, құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
Мұнда кез келген азамат электрондық мемлекеттік қызметтерді ала алатын «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» және балаларға арналған арнайы аймақ ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, Шонжы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «open space» форматы, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» және балалар алаңы жұмыс істейді. Келушілерге ыңғайлы болу үшін күту креслолары, телемонитор орнатылып, бейнебақылау камералары қойылған.
3) Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы («Мемлекеттік корпорация» және «Электрондық үкімет» порталы арқылы) тұрақты және қолжетімді нысанда хабардар ету:
Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзекті нормативтік құқықтық актілер орналастырылған. Барлық мемлекеттік органдардың келушілерге қолжетімді орындарында қызмет көрсету тәртібі, өтініш үлгілері, байланыс телефондары жазылған ақпараттық стендтер ілінген. Келушілерге «Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі», «Электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтары» тақырыптарында кітапшалар таратылады.
2025 жылдың 12 айында 10 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Аудандық мемлекеттік органдар тарапынан «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінде 23 мақала, аудан әкімдігінің ресми сайтындағы «Жаңалықтар» айдарында 23 мақала орналастырылды. Әлеуметтік желілерде 32 жарияланым шығып, 22 «дөңгелек үстел», 25 семинар, 24 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 14 «Ашық есік күні», 6 «Egov-жаршысы» акциясы ұйымдастырылды. «Qyzmet live» жобасы аясында 11 баспасөз конференциясы өтіп, 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есепті 4 рет жария талқылау ұйымдастырылды, оған 31 адам қатысты. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 2 бейнеролик, 14 баннер және 700 кітапша әзірленді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс нәтижелері үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру:
Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін барлық атқарушы органдарында әрбір мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар (негізінен әкімдердің орынбасарлары мен аудандық бөлім басшыларының орынбасарлары) бекітілді.
5) Аудан әкімінің аппаратында, аудандық бөлімдерде, ауылдық округтерде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау мен аудитті тұрақты негізде жүргізу:
Аудан әкімінің 2024 жылғы 06 желтоқсандағы № 71-ө өкімімен Ұйғыр ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2025 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. 2025 жылдың 12 айында 21 бақылау іс-шарасы өткізіліп (жоспар 100%-ға орындалды), оған 21 жергілікті атқарушы орган қамтылды.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзуға жол бергені үшін 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бақылау іс-шараларының қорытындысымен 21 ұсыным әзірленіп, олардың барлығы толық көлемде орындалды.
Талдау барысында мемлекеттік қызмет берушінің қызмет алушылармен тікелей байланыста болу тәуекелі Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде және Аудандық кәсіпкерлік бөлімінде анықталды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде жер телімін сатып алу, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу кезінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс тәуекелі туындайды, себебі жеке және заңды тұлғалардың құжаттары қолма-қол (қолдан қолға беру арқылы) қабылданады.
Кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларға құжат жинауы және аудандық жергілікті атқарушы органның ұсынысын алуы кезінде де аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен тікелей байланыс арқылы жұмыс істейтіні анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде келесі ҰСЫНЫСТАРДЫ жолдаймыз:
Аудан әкімі аппаратының
заң бөлімінің бас маман-заңгері: Д. Рамазанова
Аудан әкімі аппаратының
персоналды басқарудың
бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы: М. Молдакенова
Аудан әкімі аппаратының
жалпы бөлімінің басшысы: Я. Абдрахманов